Банкомат картаңызды жұтып қойса не істеу керек?  - на tech.bugin.kz
Nurshat Yersaıyn - на tech.bugin.kz Nurshat Yersaıyn

Картаңызды тез арада шығарып алудың жолдары бар ма?

Бүгінгі дамыған заманда қолайлы әрі қолжетімді аппараттар жетерлік. Соның бірі күнделікті өмірде аса қажет дүниеге айналған ақшаны шешу және аударуға мүмкіндік беретін құрылғы – банкомат. 

Алайда айлық түсті деп асыр салып жеткенде, қолайсыз жағдайға ұшырап жатамыз. Тетікке дұрыс салмағаннан немесе құрылғының дұрыс жұмыс жасамауынан банкомат картаңызды жұтып қоюы мүмкін. Ондай жағдайда әрине уақытымызды ұрлағаны үшін кіжініп, біраз әуреге түсіп жүйкемізді тоздырамыз. Ал оның оңтайлы шешімі бар деп ойлап көрдіңіз бе?

Банкомат картаңызды жұтып қойған жағдайда құрылғыдағы "Отмена" (бас тарту) деген тетікті 5 минут шамасында басып тұрасыз. Сол кезде "бас тарту керек пе?" (отменить) деген сөз экран бетіне шығады. Қолыңызды "Отмена" тетігінен ажыратпастан екінші қолыңызбен "Иә" деген сөзді басасыз. Осылайша картаны оңай жолмен шығарып ала аласыз. Байқап көріңіз!

0 Пікір Кіру