Энергияның балама көздері: артықшылықтары мен кемшіліктері - на tech.bugin.kz
patick - на tech.bugin.kz patick

Қазіргі кезде қалыпқа келетін энергияның ауқымы электр энергиясының әлемдік жалпы өндірісінің 3% ғана құрайды

Энергияның балама түрлері күннің, желдің, биоотынның және басқа да көздердің күшін пайдалану арқылы алынады. Балама энергияның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында немесе белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді еместігінде.

Жақын болашақта балама энергия көздері мұнай мен газдың орнын алмастыруы тиіс. Қазіргі кезде қалыпқа келетін энергияның ауқымы электр энергиясының әлемдік жалпы өндірісінің 3% ғана құрайды.

Балама энергияның үш негізгі көзі бар: гелиоэнергетика, жел энергетикасы, биоотын. Енді солардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталсақ.

Гелиоэнергетика – күн сәулесін энергия алуға пайдалану.

Артықшылықтары:

– экологиялық зияны жоқ;

– энергия көзі шексіз;

Кемшіліктері:

– күн электр станциялары көп жерді қажет етеді;

– белгілі бір ендік пен климатты қажет етеді;

– бағасы қымбат;

– пайдалы әсер коэффициенті төмен;

– салқындату жүйесін орнату қажет.

Жел энергетикасы – ауа массаларының кинетикалық энергиясын пайдалануға ыңғайлы энергия түріне айналдыру (электр, механикалық, жылу, т.б.).

Артықшылықтары:

– экологиялық зияны жоқ;

– энергия көзі шексіз;

– жел электр станциялары көп орын алмайды және территорияны шаруашылық мақсатта пайдаланудың басқа түрлеріне кедергі болмайды;

Кемшіліктері:

– энергия көзінің тұрақсыздығы;

– пайдалы әсер коэффициенті төмен;

– бағасы қымбат;

– құстарға қауіпті;

– станциялардың шуылы адамдар мен жануарларға қолайсыздық тудыруы мүмкін.

Биоотын – соя, жүгері, қант құрағы, рапс және басқа да өсімдіктерден алынатын биологиялық шикізат арқылы өндірілетін отын.

Артықшылықтары:

– шикізаттың саналуандығы және қол жетімділігі;

– шаруашылық қалдықтардың утилизациялануы;

Кемшіліктері: 

– азық-түлік дақылдарын өсіретін жерлер азаюы мүмкін (биоотын шикізатын өсіру үшін).

Осындай кемшіліктеріне қарамастан, қалыпқа келе алатын энергия көздеріне жағдай жасау арқылы экологиялық проблемаларды да шешуге болады. Көмір, мұнай өнімдері атмосфераға, қоршаған ортаға көп қалдық шығарады, адамдар мен жануарлардың тіршілік ету аумағын улайды. Соңғы кезде баламалы энергияға сұраныс артты, осы салаға құйылатын инвестиция да көбейіп келеді. Бұл жағдай балама энергияны пайдалану құнын болашақта арзандатуы тиіс.

0 Пікір Кіру