Facebook жарнама көргеніңіз үшін ақша төлеуі мүмкін  - на tech.bugin.kz
Alisher - на tech.bugin.kz Alisher

Ендігі әр көрген жарнамаңыздың құны бар

Жақында F8 атты үлкен конференция өтті. Онда Марк Цукерберг фейсбуктың жаңа концепциясын таныстырып, болашақ жоспарымен бөлісті. Соның бірі – жарнаманың монетизациясы.

Ол үшін фейсбук қолданушыларға жарнама қарағаны үшін криптовалюта төлеуі мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal да жазды. Жобаға Project Libra деген ат берілген.

Компания өзінің stablecoin атты криптовалютасын жасап жатыр екен. Сондай-ақ Visa, Mastercard және First Data сияқты төлем операторларымен бір миллиард доллар болатын токен ендіру туралы уағдаласқан екен. Күндізгі уақытта кіретін аудиториясының өзі бір миллиардтан асатын Facebook қолданушыларға жарнама төлем жүйесін енгізетін болса, нарықты түбегейлі өзгертері анық.

0 Пікір Кіру