WhatsApp пен Instagram Facebook-тан бөлінбейтін болды - на tech.bugin.kz
Мирас - на tech.bugin.kz Мирас

Марк Цукерберг келісімін бермеді

Әлеуметтік желінің негізін қалаушылардың бірі Крис Хьюздың бизнесті бөлу туралы ұсынысы сайлауға араласу мен қолданушылардың мәліметтеріне қатысты мәселелерді шешпейді, – дейді Цукерберг.

Facebook-тың негізін қалаушысы және бас директоры Марк Цукерберг өзінің бұрыңғы серіктесі Крис Хьюздың компания бизнесін антимонопольді бөлу туралы және WhatsApp мессенджері мен instagram медиасервисін бөлек заңды тұлғалар ретінде бөліп шығарумен келіспеді, деп хабарлайды TechCrunch.

"Ол жазған хатты алғаш рет оқығанымда онда жазылған мәселелерді оның ұсыныстары шешуге көмектеспейді деп ойладым. Егер сен шынымен демократия мен сайлауды ойласаң, біздің компанияның жыл сайын миллиардтаған долларды электоральды процеске араласатын технологиялармен күресу үшін дамыған құралдарды құрастыруға жұмсағанын қалар едің", – деп мәлімдеді Цукерберг France Info басылымына.

Бизнестің бөлінуі, Хьюздың хатында жазылған мәселелерді шешуге "көмектесе алмайды" деп қосты Цукерберг: "Хьюздың ойынша, компанияның ерекше бөлінуі, алдымызда тұрған әлеуметтік сындарына қарсы тұруға мүмкіндік береді. Мен бұл сындардың бар екенін мойындаймын. Олар зиянды контент және еркін пікір мен қауіпсіздік арасындағы үйлесімділікті іздеумен байланысты. Сондай-ақ, сайлауға араласудың алдын алумен мен қолданушылардың жеке ақпаратын асыра пайдалануға қатысты. Бизнесті бөлу, бұның біреуіне де көмектеспейді".

Еске салай кетейік, The New York Times бағанында Хьюз WhatsApp мессенджері мен instagram медиасервисін бөлек компания ретінде бөліп, Facebook-тың өз бәсекелестерін басып алуына уақытша шектеу қою керек деген ұсыныс айтқан болатын. Хьюздың ойынша, бұл шаралар әлеуметтік медиа саласындағы бақталастықты жандандыруға мүмкіндік береді.

0 Пікір Кіру