Болашақта адамдар қалқымалы қалаларда тұратын болады - на tech.bugin.kz
patick - на tech.bugin.kz patick

БҰҰ қарқынды урбанизация проблемаларын шешудің жолын тапты

Қалалар - экономикалық өсу мен дамудың қозғалтқышы. Дегенмен қалалар кедейшілік пен әлеуметтік жіктелудің ордасына, сондай-ақ қоршаған ортаны ластау көзіне айналып отыр. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қалалардың прогрессивтік дамуына ықпал ететін, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартатын инновацияларды қарастыруда. Солардың бірі - "қалқымалы қалалар". Су бетіне тұрғызылған жасанды архипелагтар дауылға төтеп бере алады және ашық теңізде емін-еркін ығып жүреді.

Инженерлердің айтуынша, адамдар әрқайсысы 2 гектар болатын арнайы платформаларда тұратын болады. Алты платформа "ауылды" құрайды, алты ауыл "қала" болады. Осындай аралдар тобы қажет нәрсенің бәрімен жабдықталады. Тұрғындар қалпына келетін энергия көздерін тұтынып, экологиялық таза азық егіп, теңіз жануарларын аулап жейтін болады.

Қалқымалы қалалар халықтың тығыз орналасуы, қоршаған ортаның ластануы, т.б. көптеген проблеманы шешуге септігін тигізеді.

Қазіргі кезде әлем халқының 56 проценті қалаларда тұрады және алдағы жылдары қалалықтар саны өсе түседі. Болжам бойынша 2030 жылға қарай әлем халқының 60 проценті, 2050 жылға қарай 68 проценті қалада тұратын болады. Қарқынды урбанизация шаһарларда орын жетіспеушілікке алып келеді. 

Климаттың өзгерісі де ірі елді мекендерге қауіп төндіреді. Циклондар, құрғақшылық, су басу, жер сілкінісі және вулкандардың атқылуы - қала халқына үлкен қатер алып келмек. Сондықтан жаңа заманның шаһарлары осындай өзгерістерді ескеруі тиіс. Енді Нью-Йорк секілді қалалар тұрғызу тиімсіз болмақ. Әлемдік теңіз деңгейінің көтерілуі бұндай шаһарларды су астында қалдырады. Сол себепті қалалар су бетіне салынуы тиіс.

0 Пікір Кіру