03.07 күні WhatsApp мессенджерінде келген суреттерден не байқадыңыз? - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

Facebook қолданушылары шулап кеткен күн есіңізде ме?

Шілде айының 3 күні Қазақстандықтар үшін WhatsApp месенджері және инстаграм әлеуметтік желісі істемей қалған болатын. Алайда, ақпарат көзі хабарлағандай, бұл мәселе тек елімізде емес, бүкіл әлем бойынша өзінің жұмысын тоқтатқан.

Әлеуметтік желіде түрлі пікір туындап, билік тағы да интернетті бұғаттады деген ойлар да айтылды.

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Meduza басылымына шыққан мақалаға сілтеме бере отырып, бұл жағдайдың қайдан туындағанын баяндайды.

03.07.2019 жылы Facebook қолданушылары WhatsApp месенджері мен инстаграм әлеуметтік желісіне келген суреттерді аша алмады. Анығы қызық жағдай болды. Келген сурет ашпағанымен, онда ақшыл түске боялған бетте келіп тұрған жасырын сурет туралы мәтін түріндегі ақпарат болды. Бұл алгоритм суретке анализ жасай отырып, оны анық суреттеп беруге бағытталған секілді.

The Verge технологиялар басылымы бұл әрекетті «Матрица» фильміндегі басты кейіпкердің көзіне көрінетін, айналасындағы жасыл түспен боялған кодтармен салыстырды. Алгоритм көрінбей тұрған сурет туралы ақпарат беріп қана қоймай, әр елдің өз тілінде аударылып жетті.

Сонымен, алгоритм нені анықтайды?

- Уақытты;

- Түсірілім алаңын: көше немесе үйдің іші;

- Дара және топтасқан адамдардың суреттерін анықтайды, олардың тіпті отырғанын не тұрғанын да сипаттайды;

- Адамның эмоциясы;

- Алгоритм бала мен жасы үлкен адамды да ажырата алады;

- Мысықтан бастап итке дейін таниды;

- Сервис суреттің құрылымын да анықтайды (селфи болса оны да біле алады).

Сол күні ашылмай қалған суреттер мәтін күйінде келді. Мысалы, «Бұл суретте үш адам болуы мүмкін, бірі күліп тұр, олар үй ішінде тұр», «Бұл суретте бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін және бас киім бар». Дәл осындай мәтіндер ашылмай тұрған суреттің жоғары бөлігінде кездесті.

Айта кету керек, Faceboo 2016 жылдан бастап суреттерге анализ жасайтын автоматты тану құрылымын сынап келеді.

0 Пікір Кіру