Ғаламды зерттеуге арналған обсерватория Байқоңырдан ұшырылады   - на tech.bugin.kz
Bugin.kz - на tech.bugin.kz Bugin.kz

Ғарыш

9 шілдеде «Протон-М» зымырантасығышы «Спектр-РГ» ресейлік обсерваториясымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізіліп, орнатылды.

Айта кетейік, «Спектр-РГ» обсерваториясын ұшыру 21 маусымнан 12 шілдеге қалдырылған болатын. Өйткені, дайындықтың соңғы сатысында бір реттік химиялық ток көздерінің бірінің іске қосу циклограммасынан ақау табылған еді. Ресейлік БАҚ мәліметінше, зымыранды ұшыруға дайындау кезінде циклограммадағы қателіктен ғарыш аппаратының қыздырғышы уақытынан бұрын қосылып, салдарынан химиялық ток көзі «отырып қалған». Ток көзі бір рет қана пайдалануға жарайтындықтан, оны алмастыру үшін зымыранды монтаждау-сынақ корпусына қайтаруға тура келді. Байқоңыр ғарыш айлағында мамандар обсерваторияның сапарын кейінге қалдыруға себеп болған барлық ақауды жойды. Одан бөлек, циклограмма да түзетілген. 

«Протон-М» зымырантасығышы 12 шілде күні, жергілікті уақытпен сағат 17:31-де ұшырылады деп жоспарланып отыр. «Спектр-Рентген-Гамма» («Спектр-РГ») обсерваториясы - Ресей мен Германия бірігіп іске асырып отырған халықаралық жоба. Оның мақсаты - ғаламды рентген диапазонында зерттеуге арналған орбиталық астрофизикалық обсерватория құру

ҚазАқпарат


0 Пікір Кіру