Егде жастағы жандарға қамқоршы-робот қажет пе? - на tech.bugin.kz
Райхан Калымбетова - на tech.bugin.kz Райхан Калымбетова

Көп ұзамай үйіміздегі үлкен кісілерді қамқорлығына алып, оларға өздігінше өмір сүруге көмектесетін роботтар пайда болуы мүмкін. Бұл үшін роботтар қиын да ұсақ жұмыстарды атқаруды үйренуі тиіс. Жасанды интеллектің заманауи жүйелері белгілі бір қимыл жасаудың мыңдаған бейнелерін сараптап, осы істі игере алады. Бұл тәсілдер көптеген күрделі мәселені шешуге көмектеседі. Әйтсе де, олар арнайы жұмыстарды орындауға маманданып, жаңа бір істі үйрену үшін ұзақ уақыт пен көп көлемді есептеуді қажет етеді

Ал егер робот үлкен кісілерді күтетін болса, ол қалыпты жағдайлардан мүлде өзге мәселелермен бетпе-бет келері анық. Мысалы, бір күн ішінде түрлі іс атқаруы тиіс: шәй демдеп, төсек ауыстыру, тіпті иесімен әңгіме-дүкен құру. Мұның бәрі күрделі міндет, ал бірлесіп жасауға тырысса, одан да қиындай түседі. Екі адамның үй-жайы, тұрмыс-тіршілігі екі түрлі. Сол себепті де, роботтар қоршаған ортаға тез үйреніп, бейімделуі тиіс. Қарпайым ерлі-зайыптылар керек кезде заттарын өз орнынан таба алмай қалып жатады. Ал шәй демдемек түгіл, оған қажет заттарды табудың өзіне роботтардың бас қатырары түсінікті.

Үнемі үйреніп, өз тәжірибесіне негізделген білімін сақтап, оны жаңа мәселелер шешуге бейімдей алатын роботтарды жасау керек. Шәй демдеуді үйренгеннен кейін, осы дағдысын кофе қайнату үшін қолдануға болады.

Ғалымдар адамның ақыл-санасынан асатын дүние жоқ екенін біледі. Ол өмір бойы үйренуге қабілетіті, айналасында үнемі өзгеріп тұратын күрделі жағдайларға бейімделіп, күн сайын алуан түрлі міндеттер атқарады. Адам баласының білім алуын модельдеу қарым-қатынасқа бейім роботтарды жасап шығаруға көмектесе алады.

Бала дамуын модельдеу

Адамды модельдегенде неден бастау керек?Белгіліматематикәрі жасанды интеллект саласының кемеңгеріАлан Тьюринг бір кездері:«Ересек адамның ақыл-санасын модельдейтін бағдарлама жасаудың орнына баланы модельдейтін бағдарлама жасап көрсек қайтеді? Егер оған тиісті білім берсек, ересек адамның ақыл-санасына жетер едік» деген болатын.

Алан Тьюрингбала миын таза парақпен салыстырған. Білім берудің көмегімен оны толтырып, ересектердің ақыл-санасына жеткізуге болады. Алайда қай жастағы баланың миын модельдеуді роботтарда қолдану керек? Роботтарға қандай бастапқы білім мен дағды қажет?

Жаңа дүниеге келген нәрестенің қимылы да, қоршаған ортаны сезуі де жетілмеген. Мойнының бұлшық еттері дамымағандықтан, басын ұстай алмайды, аяқ-қолын игеруді де әлі үйренбеген. 

Әрине бұл роботты өте шектеуі мүмкін. Бірақ дене қимылының жетілмегені сәби үшін пайдалы. Ол ең алдымен айналасындағы естігені мен көргеніне сәйкес көз қимылын басқаруды үйренуге зейін қояды. Осылай дамуының бастапқы кезеңінде біртіндеп денесін қалыпты ұстауды үйрене бастайды. Тек осыдан кейін қоршаған ортаның күрделі мәселелерін білуге тырысады.

Ғалымдар роботқа да осындай шектеулер қолданған. Алдымен буындарын қозғалтпай қойған. Камералардан түсетін бейнелердің сапасын да өзгерткен. Ересек адам көретін айқын кескіннің орнына бұлдыр көріністер көретін болған. Роботқа қалай қимылдау керектігін айтпай, оны өзі жасауына мүмкіндік берген. Бұл тәсілдің артықшылығы – егер аяқ-қолы сынған жағдайда, робот ол өзгерістерге бейімделіп, жұмысын жалғастыра береді.

Ойын арқылы үйрету

Зерттеу нәтижесі осындай шектеулердің арқасында жаңа білім мен дағдыларды меңгеру жылдамдығы артып, оны игеру дәлдігі өскенін көрсетті. Буындарының қимылы мен көру қабілетін біртіндеп арттыруды роботтың өзіне тапсырды. Осылайша, ол өзінің үйрену жылдамдығын қадағалай алады. Ал бұл мүмкіндіктерін толық қолданғанан кейін, сәбилерде бұлшық ет өскенін модельдеп, роботқа өз бетімен дамуға жол ашты. 

Бұл тәжірибе барысында балалардың алғашқы 10 айындағы өсіп-дамуы модельденді. Робот жасаған қимыл мен сезім мүшелері аңғарған ақпарат арасындағы байланысты сезе келе, нәрестелерге тән мінез-құлқын көрсете бастады. Мысалы, жүру кезінде ұзақ уақыт қолдарына қадалып қарайтын болды. 

Дене қимылын игеріп алғаннан кейінгі робот дамуының келесі маңызды кезеңі – қоршаған ортасын түсіне бастауы. Балаларды үйретудің маңызды бір бөлігі – ойын. Бұл оларға айналасын зерттеп, түрлі мүмкіндіктерді сынап, нәтижелерін зерделеуге көмектеседі.

Алғашында бұл қасықпен столды соғу немесе түрлі заттарды аузына салу секілді қарапайым қимылдар болуы мүмкін. Алайда біртіндеп бұл ойын тастарынан нақты пішіні бар мұнара құрастыруға немесе нақты тесіктерге сай келетін заттарды орналастыруға дейін дамиды. Осының барлығы құлыпқа сәйкес кілт табу секілді дағдының және осы кілті кіргізіп, бұрау сияқты дәл қимылдың қалыптасуына негіз болады. Адам баласы күнделікті атқаратын осы істерге роботтарды үйрету оңай шаруа емес.

Дегенмен, болашақта осы тәсілдерді қолданып, роботтар күрделі жағдайларға бейімделіп, қиын міндеттерді меңгере алады. Яғни, бұл – қамқоршы роботтар үлкен кісілерге, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсете алатын күн де жақын қалды деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы:weforum.org

 

0 Пікір Кіру