Никола Тесланың керемет болжамдары  - на tech.bugin.kz
Plumeria - на tech.bugin.kz Plumeria

"Әлемді жарықтандырған данышпан"

1926 жылдың 30 қаңтарындағы Collier’s журналының нөмірінде аты аңызға айналған өнертапқышпен жүргізген сұхбаты жарияланды. Онда Никола Тесла болашақ туралы өз болжамдарын, оның ішінде: ұшу аппараттары, сымсыз байланыс туралы ерекше атап өтеді. Көптеген болжамдары орындалып қойғаны анық.  

«Қиял араның осы жұмбақ және керемет өркениетімен адамның ұқсастығын бұрмалайды; бірақ адамның нәсілдік мәңгілік өмірге деген құбылысы оның қалыпты, асыра және бұрмаланған көріністерінде қалай өмір сүретінін қарастыратын болсақ, онда әйелдердің интеллектуалды жетістіктерімен бірге  ақыр соңында ара үлгісінен кейін ғана көрінуі мүмкін; алайда мұндай қарапайым және ғылыми реттелген өркениеттің жолын бөгеп тұрған халықтардың әдеттері мен әдет-ғұрыптарын бұзу үшін жүз жылдықтар қажет.

Энергияның үлкен қоры сымсыз үлкен қашықтыққа беріледі. Біз қарапайым қалтада жүретін құрылғылармен хабарласатын боламыз. Ұшақтар аспанда адамдардың қатысуынсыз радио арқылы ұшатын болады. Және осы керемет оқиғалардың кейбіріне аз-ақ уақыт қалды. Сымсыз энергия коммерциялық болған кезінде, көлік пен тасымалдау революцияланады. Сымсыз қосылыс мінсіз  қолданылған кезінде, бүкіл әлем бір үлкен миға айналады, ол шын мәнінде де солай, бұның барлығы бүтіннің нақты және ырғақты тұтас бөлшектері болып табылады. Жер сілкінісі жиі болатын болады.Біз қашықтықтарға қарамастан, бір-бірімізбен бірден сөйлесе алатын жағдайға жетеміз. Оның үстіне, теледидар мен телефон арқылы бір-бірімізді мыңдаған шақырымдық қашықтықтарға қарамастан, жүздесіп отырған секілді бет-әлпетімізді еркін көріп, даусымызды анық еститін боламыз; және мұны жасауға мүмкіндік беретін құрылғылар біздің қазіргі телефондармен салыстырғанда өте қарапайым түрде болады. Адам мұндай құрылғыны қалтасына салып жүре алады. Біз әлемдегі оқиғаларды сол жерде қатысып тұрғандай бақылап және тыңдай алатын боламыз. Мысалы: президенттің ұлықтауы, спорттық чемпионаттар, жер сілкінісі немесе соғыстар».

0 Пікір Кіру