АҚШ ғалымдары: Электросамокат қоршаған ортаға зиян - на tech.bugin.kz
Юсуп Джубатов - на tech.bugin.kz Юсуп Джубатов

Қоғамдық көліктен де қауіпті

АҚШ-тың Солтүстік Каролин университетінің ғалымдары электросамокаттарды зерттей келе осындай тұжырымға келіп отыр, деп хабарлайды euronews.

Зерттеушілер электросамокаттың "өмір сүру цикліне" үлкен мән бергендіктерін айтады. Бұл көліктің зауытта істеп шығарылуынан қуат алуына дейінгі процесті қамтиды. Осылайша ғалымдардың зерттеу есебінше электросамокат атмосфераға дизель автобусы, электромопед, электровелосипед секілді көліктерден де көп газ бөлетін болып шыққан.

Атмосфераға улы газдың көп бөлігі электросамокаттарды жасау кезінде бөлінеді екен. Себебі электросамокат жасауда алюминий және т.б металдар балқытылады. Одан бөлек литий-ионнды батареясы жасалады. Осылардың барлығы ауаға өте көп парниктік газ бөледі. Ғалымдар бұған Lime, Bird, Xiaomi M365 секілді электросамокат жасайтын компаниялармен бірлескен зерттеуде көз жеткізген. Электросамокаттың және бір қауіпті тұсы оны үнемі қуаттап отыруында. Ол басқа көліктерге қарағанда аз энергия тұтынса да, оның істеп шығарылуынан жойылуына дейінгі процес қоршаған ортаға үлкен зиян тигізеді.


0 Пікір Кіру