Назарбаев Университетіне 5G желісі тартылды - на tech.bugin.kz
Plumeria - на tech.bugin.kz Plumeria

Сандық экономиканы дамыту үшін ойлап табылған технология

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университеті мен St.Regis қонақ үйінің аумағына 5G желісі қосылды. Желінің диапазоны 3,5 ГГц-ке тең.

Сондай-ақ, 2019 жылғы 16-17 қыркүйекте байланыс саласындағы өңірлік достастықтың бірлескен отырысы өтетін St.Regis қонақ үйінің аумағында да радиожиіліктердің outdoor-қамтылуы ұйымдастырылған.  5G тестілік аймақтары Қазақстанда 5G тестілеу жоспарына сәйкес құрылған.

- Біз Қазақстан нарығында бірінші болып «Қазақтелеком» және ұялы байланыс операторларының бірінің инфрақұрылымында 5G шағын пилоттық аймағын іске қостық. Бүгінгі оқиға Қазақстандағы 5G дәуірінің басталғанын білдіреді. Бұрын біз Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы қаласында және Алматы облысында әртүрлі радиожиілік диапазонында және әр түрлі терминалды жабдықты қолдана отырып бірнеше 5G-дің сынақтарын өткізген едік. Бүгін біз ұялы байланыс операторының коммерциялық желісінде 5G пилоттық аймағын іске қостық. Қазақстандағы алғашқы дауыстық және бейне-қоңырауды 5G желісі арқылы жасадық. Назарбаев Университетінің студенттері, қызметкерлері мен қонақтары 5G технологиясының мүмкіндіктерін көре алды, - деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

dknews.kz


0 Пікір Кіру