Илон Маск Ай мен Марсқа ұшатын ғарыш кемесін таныстырды - на tech.bugin.kz
Қания  - на tech.bugin.kz Қания

28 қыркүйекте SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск көп мәртелік ғарыш кемесінің прототипін таныстырды

Бұл ғарыш кемесі ғарышкерлер мен жүктерді Ай мен Марсқа бірден тасымалдай алады. Презентация SpaceX компаниясының Twitter парақшасынан тікелей таратылды.

Ғарыштық аппарат Starship деп аталды. Оның ұзындығы - 50 метр, ал салмағы (отыны мен жүкті қоспағанда) шамамен 120 тонна.

100 адамға дейін тасымалдай алатындығын мәлімдеп, бұл Марс пен Айға ел қоныстандырудың бастапқы негізі болуы мүмкін екендігін атап өтті.

Илон Масктың сөзінше, аталмыш ғарыш кемесі екі айдан кейін ғарышқа ұшырылады. Зымыран 20 шақырымға биікке дейін көтеріліп, біраз уақыттан соң Жерге қайта оралады. 

- Бұл ақылға қонымсыз болып естілуі мүмкін, бірақ менің ойымша біз алты айдан аз уақытта Орбитаға шығып көрмекпіз, - деді Маск. 

Егер бәрі сәтті іске асса, барлық сынақтардан өткеннен кейін кеме Орбитада екі айға дейін жүре алады деп жоспарланып отыр. 

Сондай- ақ, SpaceX туиттер парақшасында Starship - тарихтағы ең қуатты зымыран екендігін атап өтті. 

Starship - SpaceX-тің BFR атты көп мәртелік ғарыштық транспорт жүйесінің екінші бағанындағы зымыран болып табылады. Біріншісі өткен жылы ұшырылған - Falcon Heavy зымыраны. Starship-те алты Raptor қозғалтқышы бар, ал Falcon Heavy зымыранында 31 мотор болған еді. Raptor қозғалтқышы - метан мен оттегі арқылы жұмыс істейді. 
BFR жүйесінің көпмәртелік нұсқасындағы есебі бойынша зымыран жер маңайындағы орбитаға 150 тоннаға дейінгі пайдалы жүктемені шығарып, Жерге 50 тоннаға жуық жүкпен қайтып оралуы керек. 
Компанияның бас директоры Илон Масктың сөзінше Марсқа ұшу 2025 жылы іске аспақ. 


0 Пікір Кіру