Telegram жалпы жүлде қоры $50 мың болатын екі байқау жариялады  - на tech.bugin.kz
Қания  - на tech.bugin.kz Қания

Әрбірі 25 мың доллардан

Байқау қазан айының 5-20 аралығында өтеді. Екі байқау да дизайнерлер арасында жарияланып отыр.

Бірінші байқауға тоқталсақ. Дизайнерлер кемінде үш суреттен тұратын анимациялық стикер жасау керек. Бұл стикерлер компания шарттарына сәйкес келу қажет. Жүлде қоры – 25 мың АҚШ доллары.

Ал екінші байқауда дизайнерлер Telegram–ға тема жасауы қажет. Бұл тақырыптар екі платформаға да бейімделе алуы керек. Екі платформа дегенде, мәселен, десктоп және iOS. Сондай-ақ тақырыптар телеграм шарттарына сәйкес келуі керек. 

Жұмыстары үздік болған жеңімпаздар 27 қазанда белгілі болады. Жүлденің жалпы сомасы $50 мың болғанмен, әрбір байқау жеңімпазына $25 мың беріледі.


0 Пікір Кіру