2025 жыл: Адамзат қандай өзгерістерге дайын болуы керек? - на tech.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на tech.bugin.kz Марғұлан Ақан

Болжам жасалды

Әлем күн сайын өзгеріп, түрленіп келеді. Жаңа технология дамыған сайын, жаңа құбылыстар мен ғылыми жаңалықтар ашылып, адамзат баласы үлкен өзгерістің алдында тұр. Бұл өзгерісті әлем ғалымдары «Төртінші өнеркәсіптік революция» деп атайды және осыған келе жатырмыз.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның болашақ бағдарламамен қамтамасыз ету және қоғаммен қызмет бөлімінің Халықаралық сарапшылар кеңесінің 2015 жылы жариялған мына бір кестесіне назар аударыңыз.

Атауы  %
Адамдардың 10 % интернетке жалғанған киімдерді киетін болады 91,2
90 % адам шектесуіз және тегін түрде сақталған деректерді алуға мүмкіндік алады  91,0
Интернетке жалғанған 1 триллион датчик болады  89,2
АҚШ-тағы ең бірінші робот-фармацевт  86,5
10 % интернетке қосылып оқуға арналған көзілдіріктер 85,5
80 % адам сандық түрде интернетке қосылады 84,4
3D басып шығару құрылғысымен пайда болған тұңғыш автокөлік 84,1
Үлкен дереккөздер арқылы халық санағын анықтайтын тұңғыш үкімет 82,9
Тұңғыш коммерциялық қол жетімді имплантацияланатын ұялы телефон
81,7
Қолданыстағы тауарлардың 5 3D басып шығару құрылғысы арқылы жүзеге асады  81,1
90 % адам толыққанды смартфон қолданады  80,7
90 % адам толыққанды интернет пайдалана алады  78,8
АҚШ жолдарындағы көліктердің 10 % жүргізушісіз қызмет көрсетеді 78,2
Тұңғыш 3D басып шығару құрылғысы арқылы бауырды ауыстыру  76,4
Корпоративтік аудиторияларға тексерістің 30 % жасанды сана жүргізеді   75,4
"Блокчейн" технологиясы арқылы үкімет тұңғыш рет халықтан салық жинайды  73,1
Үйдегі 50 % интернет-трафиктер мобильді қосымшалар арқылы қолданылады  69,9
Тұңғыш бағдаршамсыз өмір сүретін 50 000 тұрғыны бар қала пайда болады  63,7
Бүкіләлемдік ІЖӨ-нің 10 % "блокчейн" технологиясы арқылы сақталады 57,9
Тұңғыш рет корпоративтік кеңесте жасанды санамен басқарылатын роботтар директор болады  45,2

0 Пікір Кіру