АҚШ ғалымдары: Смартфон қолдану баланың миына зиян - на tech.bugin.kz
Bugin.kz - на tech.bugin.kz Bugin.kz

Ағылшын ғалымдары дәлелдеді

Балаларына смартфон мен планшет ұстауға рұқсат беретін ата аналар саны күн санап артуда. Ал АҚШта жүргізілген жаңа зерттеу мұндай цифрлық «бала күтушінің» зиян екенін анықтады, деп жазады немістің Focus басылымы.

Цинциннати балалар ауруханасының медициналық орталығының мамандары гаджеттерді ұзақ уақыт пайдалану сөйлеу мен жазу секілді қабілеттерге жауап беретін мидың ақ затына кері әсер ететінін анықтады. Ғалымдардың зерттеуі туралы мақала JAMA Pediatrics журналында жарияланды.

- Ғалымдар 2-3 жас аралығындағы 47 баланың миын МРТ-ға түсірген. Олардың гаджеттерді пайдаланғанына қарай балалардың миындағы ақ затта өзгерістер болатыны анықталды. Күніне бір сағаттан артық сматфон немесе планшет ойнаған балалардың ми құрылымының дамуында өзгерістер болғаны байқалды, - деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, ғалымдардың зерттеуі смартфондарды пайдаланудың зияны туралы болжамды дәлелдеді.

- Смартфонды қолдану бала ағзасының дамуына кері әсер етеді. Бүгінгі таңда ата аналар саналы түрде баламен уақыт өткізудің орнына оларды смартфондармен оңаша қалдырады. Тіпті, кейде тамақтану кезінде де бала смартфонмен отырады. Бұның салдары өте жаман болуы мүмкін, - дейді ғалымдар.

ҚазАқпарат

0 Пікір Кіру