Қазақстандық «AVANGAR» командасы үздік ондыққа кірді  - на tech.bugin.kz
Bugin.kz - на tech.bugin.kz Bugin.kz

Киберспорт

Киберспортта еліміздің намысын қорғап жүрген AVANGAR командасы Counter-Strike: Global Offensive ойыны бойынша әлемдік рейтингте ТОП-10-ға (9-шы орын) еніп тұр. Бұл туралы  prosports.kz хабарлайды.

AVANGAR сапында Тимур Төлепов, Алексей Голубев, Дәурен Қыстаубаев, Өзбекстаннан Санжар Күлиев, Ресейден Али Джами өнер көрсетеді.


Айта кетейік, бұл отандық команданың ең үздік көрсеткіші емес. Бұған дейін олар 6-шы орында тұрған еді.

Естеріңізде болса, AVANGAR Германияда өткен айтулы StarLadder Berlin Major жарысында 2-ші орын, Ресейдегі BLAST Pro Series Moscow 2019 турнирінде жеңімпаз атанған болатын.


0 Пікір Кіру